/KASE, 10.05.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "First Heartland Jusan Bank" АҚ (Алматы)
акционерлердің жалпы жиналысының 2024 жылдың 06 мамырындағы
шешімімен Банктің Директорлар кеңесінің құрамына келесі өзгерістер
енгізілгенін KASE-ге хабарлады:
- С.Е. Жамалов шығарылды;
- С.Ш. Джарболова сайланды.
Енгізілген өзгерістің нәтижесінде "First Heartland Jusan Bank" АҚ-ның
Директорлар кеңесі төрт адамнан құрылды: Г.Ш. Есенов, Ж.К. Азбеков, К.Б.
Кожахметов, С.Ш. Джарболова.
Ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды –
https://kase.kz/files/emitters/TSBN/tsbn_board_changes_060524_13811.pdf
[2024-05-10]