KZ
3 шілде 2025, 10:35
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
04.05.2024 17:23 #Қаржы құралдары

06 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында NIKE, Inc. US6541061031 (NKE_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды

/KASE, 04.05.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 06 мамырынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 03 маусымына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, NIKE, Inc. (АҚШ) US6541061031 ("KASE Global" секторы, NKE_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.

Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 03 маусымында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 05 маусымынан бастап қайта басталады.

[2024-05-04]