/KASE, 04.05.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Астана) 2024 жылдың
30 сәуірінде өткен акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының шешімдері
туралы KASE-ге хабарлады.
Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады:
- компанияның 2023 жылғы жылдық қаржылық есептілігін
(шоғырландырылған және жеке) бекіту;
- компанияның 2023 жылғы таза кірісін бөлудің келесі тәртібін бекіту:
- 93 067 044 000 теңге құрайтын шоғырландырылған таза кірісінің
24,79 %-ы 2023 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтер төлеуге
жұмсау;
- қалған бөлігін компанияның иелігінде қалдыру;
- 2023 жылдың қорытындысы бойынша жай акциялар бойынша
дивидендтердің мөлшері – бір акцияға 2 096,60 теңге мөлшерінде бекіту.
Акционерлердің жалпы жиналысында барлығы сегіз мәселе бойынша
шешімдер қабылданды.
Аталған ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды –
https://kase.kz/files/emitters/KZTK/kztk_special_shareholders_meeting_results_300424_1048.pdf
[2024-05-04]