28 мамырда "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтеді
/KASE, 02.05.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы " АҚ (Астана) KASE-ге 2024 жылдың 28 мамырында сағат 15:00-де акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы келесі күн тәртібімен өтетінін хабарлады:
1. компанияның 2023 жылғы жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы;
2. компанияның 2023 жылғы таза табысын бөлу тәртібі және компанияның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшері туралы;
3. акционерлердің компанияның және оның лауазымды тұлғаларының 2023 жылғы әрекеттеріне шағымдары және оларды қараудың нәтижелері туралы;
4. компанияның Корпоративтік басқару кодексін жаңа редакцияда бекіту туралы;
5. компанияның 2025 – 2029 жылдардағы қаржылық есептілігіне аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды айқындау туралы;
6. компания акционерлерінің жалпы жиналысының есеп комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы.
Жиналысты өткізу туралы ақпарат KASE интернет-сайтында орналастырылған – толығырақ
[2024-05-02]