KZ
2 шілде 2025, 07:21
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
25.04.2024 09:22 #Қаржы құралдары

Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS1982112069 (EBRDe5) халықаралық облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен алынып тасталды

/KASE, 25.04.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 25 сәуірінен бастап Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS1982112069 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EBRDe5; 60,0 млрд теңге, 25.04.19 – 25.04.24; индекстелген жарты жылдық купон, соңғы купондық кезеңге жылдық 8,927%; actual/360) халықаралық облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды.

Аталған облигациялар KASE ресми тізімінің" халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары " секторына 2019 жылдың 25 сәуірінен бастап енгізілді. Олармен сауда-саттық 2019 жылдың 13 мамырынан бастап ашылды.

[2024-04-25]