Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
22 сәуірден бастап АҚШ Қаржы министрлігінің US912796CX52 (US_93_2404) халықаралық облигациялары өтелуіне байланысты KASE ресми тізімінен шығарылады
/KASE, 19.04.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 22 сәуірінен бастап АҚШ Қаржы министрлігінің US912796CX52 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US_93_2404) дисконттық халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінен шығарылатынын хабарлайды.
Аталған облигациялар, KASE ішкі құжатының 19 бабы 6 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, өтелуіне байланысты алынып тасталды.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттық ашық болған жоқ.
[2024-04-19]