22 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында"өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ kz2c00010338 (IDFRb5) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

19.04.24 14:21
/KASE, 19.04.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 22 сәуірінен бастап "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ (Астана) KZ2C00010338 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, IDFRb5; 1 000 теңге, 190,0 млрд теңге, 26.01.24-26.01.39; жылдық купон, жылдық 13,15%; 30/360). облигацияларының KASE-де сауда-саттығы ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/IDFRb5/ [2024-04-19]