2024 жылдың наурыз айындағы KASE акциялар нарығына шолу

19.04.24 10:45
/KASE, 19.04.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылғы наурызда акциялар нарығына шолу жасайды. KASE Индексінің мәні наурыз айында 5,7%-ға өсіп, айдың соңына қарай 5 077,84 тармақты құрады. ----------------------------------------------------------- Көлемі, млрд теңге 29 29 Δ, % Δ, % ------------ наурыз ақпан ------ ----- c 01.01.24 наурыз ақпан ------------ -------- -------- ---- ---------- ------ ----- KASE Индексі 5 077,84 4 803,18 +5,7 +21,3 11,33 12,55 ----------------------------------------------------------- Наурыз айында акциялар нарығындағы сауда-саттық көлемі 13,3 млрд теңгені құрап, ақпанға қатысты 84,2 %-ға немесе 71,1 млрд теңгеге төмендеді. Бұл ретте мәмілелер саны 16,7 %-ға 145 553-ке дейін азайды. Бастапқы нарықта мәмілелер жасалмады. Сауда-саттықтың орташа тәуліктік көлемі 782,3 млн теңгені, мәмілелердің орташа тәуліктік саны – 8 562 мәмілені, бір мәміленің орташа көлемі – 91,4 мың теңгені құрады. Наурызда индекстік акциялармен мәмілелер көлемі 11,3 млрд теңгені құрады, бұл ақпан айындағы көрсеткіштен 1,2 млн теңгеге аз. Сауда- саттықтың ең үлкен көлемі "Эйр Астана" АҚ-ның жай акцияларына – 3,1 млрд теңгеге (индекстік акциялармен сауда-саттықтың жалпы көлемінің 27,0 %) тиесілі болды. ------------------------------------------------------------- Соңғы мәміленің бағасы, Δ, % Сауда-саттық көлемі, бір акцияға теңге млн теңге ------------------------- -------- --------------------- -------- 29 29 Δ, % 01.01.24 наурыз ақпан Δ, % наурыз ақпан я бастап ---- --------- --------- ----- -------- ------- ------- ----- KSPI 57 500,00 46 000,02 +25,0 +26,1 1 057,3 850,6 +24,3 KCEL 3 166,00 2 884,00 +9,8 +61,9 625,7 615,9 +1,6 HSBK 212,94 198,01 +7,5 +30,2 2 162,8 2 712,1 -20,3 CCBN 1 506,97 1 469,03 +2,6 +54,2 1 923,1 1 998,0 -3,8 KMGZ 12 105,00 11 950,00 +1,3 +4,9 605,1 2 712,1 -77,7 KZTO 830,00 830,00 – -4,0 349,8 469,4 -25,5 KEGC 1 485,00 1 490,00 -0,3 +0,2 664,5 1 612,1 -58,8 KZTK 35 500,00 35 712,00 -0,6 +2,9 143,6 661,2 -78,3 KZAP 18 301,11 18 660,00 -1,9 -0,9 737,5 918,4 -19,7 AIRA 1 062,00 1100,01 -3,5% - 3 057,7 - - ------------------------------------------------------------- Наурыз айының қорытындысы бойынша ең үлкен өсімді Kaspi.kz АҚ жай акциялары көрсетті, олар бір жай акция үшін 57 500,00 теңгеге жетіп, 25,0 % бағасына қосты. Kaspi.kz АҚ Nasdaq-та 1,0 миллиард АҚШ долларын тартып, 11,3 миллион американдық депозитарлық қолхаттарды (АДР) 1 адресі үшін 92 долларға орналастырды. Kaspi.kz аудиттелмеген жылдық есептілігіне сәйкес компанияның кірісі 51 %- ға, таза пайда – 44 % -ға, активтер-33,2 %-ға, міндеттемелер – 33%-ға өсті. Бұл ретте компанияның Директорлар кеңесі акционерлерге акция үшін 850 теңге мөлшерінде дивидендтер төлеуді ұсынды. Акционерлер жиналысы 2024 жылдың 08 сәуіріне белгіленді. "Кселл" АҚ акциялары наурыз айында 9,8 %-ға өсті. Телекоммуникация секторының өкілі 2023 жылдағы қаржылық нәтижелерді хабарлады, оған сәйкес компанияның 2023 жылдағы жалпы түсімі 227,5 млрд теңгені құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 2,8 %-ға ұлғайды. Сервистік кіріс 9,6 %-ға өсіп, 190,3 млрд теңгеге жетті. Бұл ретте таза пайда 7,5 млрд теңгеге төмендеп, 33 млрд теңгені құрады. Таза пайданың төмендеуі өз желісін дамыту мен модернизациялауға арналған күрделі шығындардың өсуіне, сондай-ақ бесінші буын байланыс технологиясын қолдануға инвестицияларға байланысты болды. үздік үштікті 7,5 % өсіммен "Қазақстан Халық банкі" АҚ-ның жай акциялары жабады. "Қазақстан Халық банкі" АҚ шоғырландырылған қаржылық нәтижелеріне сәйкес 2023 жылдағы таза пайда 21,8 %-ға 693,4 млрд теңгеге дейін ұлғайды. 2023 жылдағы пайыздық кірістер 33,8 %-ға өсті, пайыздық шығыстар 2022 жылмен салыстырғанда 48,6 %-ға өсті. Нәтижесінде таза пайыздық кіріс 21,1 %-ға өсті. 2024 жылдың 19 наурызында S&P Global Ratings болжамды "Тұрақтыдан" "Позитивтіге" қайта қарап, Банктің рейтингтерін "BB+/B" деңгейінде растады. 2024 жылдың 20 наурызында Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі эмитенттің ұзақ мерзімді дефолт рейтингін "Тұрақты" болжамымен "BBB-" деңгейінде растады. "Банк ЦентрКредит" АҚ-ның жай акциялары бір айда 2,6 % бағаға өсті. 2024 жылдың 19 наурызында S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Банктің рейтингтері бойынша болжамды "Тұрақтыдан" "Позитивтіге" қайта қарап, Банктің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингтерін "BB-/B" деңгейінде растады. Мұнай-газ секторы өкілі "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның жай акциялары 1,3 %-ға өскенін көрсетті. "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ 2023 жылдағы өндірістік нәтижелерін жариялады, оған сәйкес көмірсутектердің дәлелденген және ықтимал қорлары 3,7 %-ға ұлғайып, 733 млн тоннаны құрады, Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 6,9 %-ға 23 532 мың тонна белгісіне дейін өсті, ал мұнай тасымалдау көлемі 7,6 %-ға 80 359 мың тоннаға дейін ұлғайды. "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ қаржылық нәтижелеріне сәйкес, компанияның 2023 жылдағы кірісі 4,3 %-ға төмендеп, 8 320 млрд теңгені құрады. Бірлескен бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардағы пайданың үлесін ескере отырып, компанияның таза пайдасы 29,3 %-ға азайып, 924 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар, бірлескен бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдастырылған компаниялардағы пайданың үлесіне түзетілген таза пайда 29,8 %-ға өсіп, 1 010 млрд теңгені құрады. 2024 жылдың 09 ақпанында Moody's халықаралық рейтингтік агенттігі компанияның "Baa2" деңгейіндегі кредиттік рейтингін, "Позитивті" болжамын растады. Наурыз айының қорытындысы бойынша "ҚазТрансОйл" АҚ акцияларының бағасы өзгеріссіз қалды. Компанияның 2023 жылдағы қаржылық нәтижелеріне сәйкес шоғырландырылған кіріс 13,6 %-ға 290,4 млрд теңгеге дейін өсті, ал шоғырландырылған таза пайда 65,9 %-ға 32,8 млрд теңгеге дейін өсті. Бұл ретте, "ҚазТрансОйл" АҚ бойынша жеке табыс 2023 жылы 13,6 %-ға артып, 241 млрд теңгені құрады, ал "ҚазТрансОйл" АҚ бойынша жеке таза пайда 2023 жылдың қорытындысы бойынша 115,6 %-ға өсіп, 18 млрд теңгені құрады. Бағаның шамалы төмендеуін "KEGOC" АҚ жай акциялары көрсетті, бағасы 0,3 %-ға төмендеді. "KEGOC" АҚ 2023 жылдағы қызметінің қорытындысы бойынша компанияның таза пайдасы 2022 жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда 60 %-ға немесе 15,9 млрд теңгеге ұлғайып, 42,7 млрд теңгені құрады. Компанияның кірісі реттелетін қызметтер бойынша көлемдер мен тарифтердің өсуі есебінен 16 %-ға 252 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Бұдан басқа, "KEGOC" АҚ хабарламасына сәйкес 2024 жылдың екінші тоқсанында жүзеге асырылатын 2023 жылдың екінші жартыжылдығына дивидендтер төлеу мөлшерін ұлғайту мәселесі қаралуда. 2024 жылдың 01 ақпанында Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі компанияның ұзақ мерзімді рейтингтерін "тұрақты" болжамымен "BBB-" деңгейінен "BBB" деңгейіне дейін көтерді. Moody's Investors Service халықаралық рейтингтік агенттігі "KEGOC" АҚ рейтингін "Ваа2" деңгейінде "Позитивті" болжамымен растады. Сондай-ақ Standard&Poor's халықаралық рейтингтік агенттігі компанияның рейтингін "BB+" деңгейінде растады, болжам "Тұрақты". "Қазақтелеком" АҚ акциялары бір акция үшін 0,6 %-ға 35 500,00 теңге деңгейіне дейін төмендеді. 30 сәуірде акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өтеді, оның күн тәртібінде жылдық қаржылық есептілік, компанияның 2023 жылдағы таза пайдасын бөлу тәртібі және бір жай акцияға шаққандағы дивидендтер мөлшері бекітіледі. "Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық атом компаниясы" АҚ жай акциялары бағадан 1,9 % айырылды. Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі "Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық атом компаниясы" АҚ рейтингін "Тұрақты" болжамымен "BBB-" деңгейінен BBB" деңгейіне дейін көтерді. Компанияның 2023 жылдағы өндірістік нәтижелеріне сәйкес топ бойынша сату көлемі 94 %-ға өсті, ал шоғырландырылған еншілес және тәуелді ұйымдарды есепке алмағанда сату көлемі 185 %-ға өсті. Компанияның 2023 жылдағы қаржылық нәтижелеріне сәйкес Топтың шоғырландырылған кірісі 43 %-ға 1 434,6 млрд теңгеге дейін ұлғайды, ал таза пайда 23 %-ға 580,3 млрд теңгеге дейін өсті. Бұл өсім сатудың орташа бағасының өсуімен және сату көлемінің өсуімен байланысты болды. "Эйр Астана" АҚ жай акцияларының бағасы 3,5 %-ға төмендеді. Компания қызметінің 2023 жылдағы нәтижелеріне сәйкес, компанияның кірісі 13,8 % және 15,6 %-ға өсіп, 1,2 млрд АҚШ долларын құрады. Салықтан кейінгі пайда 21,5 %-ға өсіп, 68,7 миллион АҚШ долларына жетті. KASE акциялар нарығы 2024 жылдың наурыз айының қорытындысы бойынша акциялар нарығын капиталдандыру 30,8 трлн теңгені (68,8 млрд USD) құрады, бұл өткен айдағы көрсеткіштен 2,6 трлн теңгеге немесе 9,0 %-ға жоғары. -------------------------------------------------------------- 29 наурыз 29 ақпан Өзг. Өзг., % ------------------------ --------- --------- --------- ------- Капиталдандыру, млрд KZT 30 826,57 28 274,57 +2 552,00 +9,0 Капиталдандыру, млн USD 68 786,28 62 650,00 +6 136,28 +9,8 -------------------------------------------------------------- 2024 жылдың 29 наурызындағы жағдай бойынша акциялар нарығын капиталдандыруды есептеу үшін өкілдік тізімге енгізілген акциялар бағасының өзгеруі: ------------------------------------------------------ Эмитент Бағаның һөзгеруі / Өзг., % (соңғы мәміленің күні) --------------------- ---------------------- ---------- "Өскемен титан-магний 21 000,00 20,00 +104 900,0 комбинаты" АҚ (26.03.24) (20.09.17) (UTMKp) "ForteBank" АҚ 6,31 4,05 +55,8 (ASBN) (29.03.24) (29.02.24) Kaspi.kz АҚ 57 500,00 46 000,02 +25,0 (KSPI) (29.03.24) (29.02.24) "Банк ЦентрКредит" АҚ 1 524,73 1 229,98 +24,0 (CCBNp) (29.03.24) (29.02.24) "Рахат" АҚ 16 890,00 14 710,00 +14,8 (RAHT) (29.03.24) (29.02.24) "БАСТ" АҚ 8 608,98 7 801,11 +10,4 (BAST) (29.03.24) (29.02.24) "Кселл" АҚ 3 166,00 2 884,00 +9,8 (KCEL) (29.03.24) (29.02.24) "Қазақстан Халық 212,94 198,01 +7,5 жинақ банкі" АҚ (29.03.24) (29.02.24) (HSBK) ------------------------------------------------------- * кестеде акциялар бағасының +/- 5 %-дан асатын өзгеруі келтірілген %. [2024-04-19]