/KASE, 15.04.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Астана) акционерлердің жалпы
жиналысының 2024 жылдың 12 сәуіріндегі шешімімен компанияның
Директорлар кеңесінің құрамына мынадай өзгертулер енгізілгенін KASE
хабарлады:
- шығарылды: Ауғанов Г.К.;
- сайланды: Отыншиев Е.М.
Енгізілген өзгертулерді ескере отырып, "Қазақтелеком" АҚ Директорлар
Кеңесі жеті адамнан тұрады: Байдаулетов Н.Т., Отыншиев Е.М.,
Казутин Н.Ю., Есекеев К.Б., Абдуалиев А.К., Заика Д.А., Неупокоев А.В.
Осы ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/KZTK/kztk_board_changes_120424_871.pdf
[2024-04-15]