KZ
2 шілде 2025, 11:34
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
15.04.2024 14:44 #Индекстер мен индикаторлар

KASE 2024 ЖЫЛДЫҢ 06 МАМЫРЫНАН БАСТАП KASE ИНДЕКСІН ЕСЕПТЕУ ҮШІН ӨКІЛДІК ТІЗІМДІ АНЫҚТАДЫ

/KASE, 15.04.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) индекстер және индикаторлар жөніндегі комитеттің (бұдан әрі – Комитет) 2024 жылдың 11 сәуірдегі "Қор нарығының индекстері мен индикаторларын есептеу әдістемесі" KASE ішкі құжатына (бұдан әрі – әдістеме) сәйкес 2024 жылдың 06 мамырындан бастап KASE индексін есептеу үшін акциялардың өкілдік тізімі анықталғанын хабарлайды (бұдан әрі-тізім).

Көрсетілген шешімге сәйкес 2024 жылдың 06 мамырынан бастап KASE индексін есептеу үшін акциялардың өкілдік тізімі өзгеріссіз қалады.

--------------------------------------------------------------------
      Акция                                    
# р/с коды      ISIN     Эмитент                Fi*       Ri* Үлесі*
----- ----- ------------ --------------------- ---- --------- ------
  1   AIRA  KZ1C00004050 "ЭЙР АСТАНА" АҚ       43,7 1,0000000    9,0
  2   CCBN  KZ0007786572 "Банк ЦентрКредит" АҚ 40,4 1,0000000    7,5
  3   HSBK  KZ000A0LE0S4 "Халықтық" АҚ         30,5 0,3593460   15,5
  4   KCEL  KZ1C00000876 Қазақстанның жинақ    34,1 1,0000000   12,6
                         банкі"                                     
  5   KEGC  KZ1C00000959 "Кселл" АҚ            15,0 1,0000000    3,8
  6   KMGZ  KZ1C00001122 "KEGOC"АҚ              3,0 1,0000000   14,1
  7   KSPI  KZ1C00001536 "ҚазМұнайГаз" ҰАК" АҚ 24,5 0,1099141   16,6
  8   KZAP  KZ1C00001619 АҚ "Kaspi.kz"         25,0 0,1942834   14,6
  9   KZTK  KZ0009093241 "Қазатомөнеркәсіп"    19,1 1,0000000    4,4
                         ҰАК" АҚ                                    
 10   KZTO  KZ1C00000744 "Қазақтелеком" АҚ     10,0 1,0000000    2,0
--------------------------------------------------------------------
* Fi, Ri, үлес параметрлері 2024 жылдың 12 сәуірінде көрсетілген. Комитет 
шешімі күшіне енгеннен кейін, яғни 2024 жылғы 06 мамырдың басындағы 
Fi, Ri параметрлері, үлесі 2024 жылдың 01 наурызындағы акциялардың 
ағымдағы бағасына және еркін айналымдағы акциялар санына сәйкес қайта 
есептелетін болады.

КЕСТЕГЕ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР

ISIN – акцияның ұлттық немесе халықаралық сәйкестендіру нөмірі.

Эмитент – акциялар эмитентінің қысқаша атауы.

Ri – шектеу коэффициенті - әрбір акцияның индекс мәніне әсер ету үлесін 0,15 (15%) дейін шектейтін параметр әрбір акция үшін тоқсанына бір рет 01 ақпанындағы, 01 мамырындағы, 01 тамызындағы,01 қарашасындағы жағдай бойынша есептеледі, оны есептеу тәртібі Әдістемемен регламенттеледі.

Fi – 01.04.24-те еркін айналымдағы акциялар санының, KASE-ге 29.02.24 тіркелген соңғы мәміленің бағасының және әрбір атаудағы акцияның индекс мәніне әсер ету үлесін шектейтін Ri коэффициентінің туындысы ретінде алынған параметр.

Үлес – KASE индексін есептеу үшін өкілдік тізімдегі барлық атаулардағы акциялардың жиынтық нарықтық құнындағы қандай да бір атаудағы акциялардың жиынтық нарықтық құнының үлесі. Пайызбен көрсетіледі.

Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2024-04-15]