/KASE, 15.04.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) индекстер және
индикаторлар жөніндегі комитеттің (бұдан әрі – Комитет) 2024 жылдың
11 сәуірдегі "Қор нарығының индекстері мен индикаторларын есептеу
әдістемесі" KASE ішкі құжатына (бұдан әрі – әдістеме) сәйкес 2024 жылдың
06 мамырындан бастап KASE индексін есептеу үшін акциялардың
өкілдік тізімі анықталғанын хабарлайды (бұдан әрі-тізім).
Көрсетілген шешімге сәйкес 2024 жылдың 06 мамырынан бастап KASE
индексін есептеу үшін акциялардың өкілдік тізімі өзгеріссіз қалады.
--------------------------------------------------------------------
Акция
# р/с коды ISIN Эмитент Fi* Ri* Үлесі*
----- ----- ------------ --------------------- ---- --------- ------
1 AIRA KZ1C00004050 "ЭЙР АСТАНА" АҚ 43,7 1,0000000 9,0
2 CCBN KZ0007786572 "Банк ЦентрКредит" АҚ 40,4 1,0000000 7,5
3 HSBK KZ000A0LE0S4 "Халықтық" АҚ 30,5 0,3593460 15,5
4 KCEL KZ1C00000876 Қазақстанның жинақ 34,1 1,0000000 12,6
банкі"
5 KEGC KZ1C00000959 "Кселл" АҚ 15,0 1,0000000 3,8
6 KMGZ KZ1C00001122 "KEGOC"АҚ 3,0 1,0000000 14,1
7 KSPI KZ1C00001536 "ҚазМұнайГаз" ҰАК" АҚ 24,5 0,1099141 16,6
8 KZAP KZ1C00001619 АҚ "Kaspi.kz" 25,0 0,1942834 14,6
9 KZTK KZ0009093241 "Қазатомөнеркәсіп" 19,1 1,0000000 4,4
ҰАК" АҚ
10 KZTO KZ1C00000744 "Қазақтелеком" АҚ 10,0 1,0000000 2,0
--------------------------------------------------------------------
* Fi, Ri, үлес параметрлері 2024 жылдың 12 сәуірінде көрсетілген. Комитет
шешімі күшіне енгеннен кейін, яғни 2024 жылғы 06 мамырдың басындағы
Fi, Ri параметрлері, үлесі 2024 жылдың 01 наурызындағы акциялардың
ағымдағы бағасына және еркін айналымдағы акциялар санына сәйкес қайта
есептелетін болады.
КЕСТЕГЕ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР
ISIN – акцияның ұлттық немесе халықаралық сәйкестендіру нөмірі.
Эмитент – акциялар эмитентінің қысқаша атауы.
Ri – шектеу коэффициенті - әрбір акцияның индекс мәніне әсер ету үлесін
0,15 (15%) дейін шектейтін параметр әрбір акция үшін тоқсанына бір рет
01 ақпанындағы, 01 мамырындағы, 01 тамызындағы,01 қарашасындағы
жағдай бойынша есептеледі, оны есептеу тәртібі Әдістемемен
регламенттеледі.
Fi – 01.04.24-те еркін айналымдағы акциялар санының, KASE-ге 29.02.24
тіркелген соңғы мәміленің бағасының және әрбір атаудағы акцияның индекс
мәніне әсер ету үлесін шектейтін Ri коэффициентінің туындысы ретінде
алынған параметр.
Үлес – KASE индексін есептеу үшін өкілдік тізімдегі барлық атаулардағы
акциялардың жиынтық нарықтық құнындағы қандай да бір атаудағы
акциялардың жиынтық нарықтық құнының үлесі. Пайызбен көрсетіледі.
Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша
жарияланды
https://kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf
[2024-04-15]