/KASE, 12.04.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Ай Қараауыл" АҚ (Алматы) 2024 жылдың 13 мамырында
сағат 10:00-де келесі күн тәртібімен оның акционерлерінің жылдық жалпы
жиналысы басталатынын KASE-ге хабарлады:
- 2023 жылға жеке аудиттелген және шоғырландырылған аудиттелген
қаржылық есеп берушілікті бекіту;
- компанияның 2023 жылдағы таза кірісін бөлу және компанияның бір жай
акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін анықтау;
- заңды мекен-жайының өзгеруіне байланысты компания Жарғысына
өзгертулер мен толықтырулар енгізу;
- акционерлердің компанияның және оның лауазымды тұлғаларының
әрекеттеріне өтініштерін және оларды қарау қорытындыларын қарау.
Жиналысты өткізу туралы ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/AKRL/akrl_special_shareholders_meeting_info_130524_74.pdf
[2024-04-12]