/KASE, 12.04.24/ – пайлары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде орналасқан, "Fixed Income USD" интервалды инвестициялық пай
қорының (ИИПҚ) басқарушы компаниясы болып табылатын "Фридом
Финанс" АҚ (Алматы) 2024 жылдың 11 сәуірінде KZPF00000082 (FFIN_or)
пайларын ұстаушыларға 2024 жылдың бірiнші тоқсанына дивидендтер
төленгені туралы KASE-ге хабарлады.
Берілген ақпаратқа сәйкес төлем сомасы 34 839 300,60 теңгені құрады,
дивидендтер төлеу үшін пай ұстаушылар тізілімін тіркеу күні – 2024 жылдың
31 наурызы.
Осы ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/FFIN/ffin_dividends_110424_1.pdf
[2024-04-12]