KASE Листингілік комиссиясы "Авеста-Караганда" ЖШС KZ2P00011075 (AVKGpp2) облигацияларын KASE ресми тізіміне "Жеке орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады

05.04.24 17:34
/KASE, 05.04.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылғы 05 сәуірде "Авеста-Караганда" ЖШС (Қарағанды) KZ2P00011075 (100 000 тенге, 200,0 млн теңге; 10 жыл; тоқсандық купон, жылдық 25,00 %; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізіміне "Жеке орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларға AVKGpp2 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2024-04-05]