"ҚазТрансОйл" АҚ Батум мұнай терминалының Еуропа елдеріне жеткізу үшін қазақстандық қара мұнай өнімдерін жөнелтуді қайта бастағаны туралы хабарлайды

03.04.24 17:57
/KASE, 03.04.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) KASE-ге ұсынған 2024 жылдың 03 сәуіріндегі баспасөз релизінде былай деп хабарланады: дәйексөздің басы 2024 жылдың наурыз айында "Батуми мұнай терминалы" ЖШҚ Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарында өндірілген қара түсті мұнай өнімдерін 60 000 - 80 000 тонналық партиялармен Aframax танкерлеріне айлақсыз тиеу әдісімен жөнелтуді қайта бастады. Содан кейін жүк Еуропа елдеріне жіберіледі. Қазақстаннан шыққан қара түсті мұнай өнімдерін тиеу жұмыстары ай сайын жүргізіледі деп жоспарлануда. Бұл жұмыстың қайта жандануы жүктерді тасымалдаудың транзиттік және көліктік бағыттарын әртараптандырумен байланысты. 2018 жылдың қазан айынан бастап үлкен көлемдегі мазут пен ВГО (вакуумды газойль) жөнелту іс жүзінде тоқтатылған еді. Қара түсті мұнай өнімдерін Aframax танкерлеріне үлкен көлемде тиеу "Батуми мұнай терминалы" ЖШҚ клиенттеріне тасымалдау шығындарын азайтуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде Батуми арқылы экспортқа шығарылатын қазақстандық жүктердің бағытын тартымды етеді және оларды ауыстырып тиеу көлемін арттырады. Aframax үлгідегі үлкен сыйымдылықтағы мұнай танкерлері шикі мұнай мен мұнай өнімдерін шексіз навигациялық аймақта тасымалдауға арналған. Танкердің ұзындығы – 250 метр, ені – 44 метр, дедвейті – 114 мың тонна. дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды: - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_030424_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_030424_.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_030424_en.pdf – ағылшын тілінде. [2024-04-03]