KZ
2 шілде 2025, 06:46
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
01.04.2024 15:53 #Нормативтік база

01 сәуірден бастап Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды ұйымдастыру мәселелері бойынша клиенттердің сауалнамаларына толықтырулар қолданысқа енгізіледі

/KASE, 01.04.24/ – Қазақстан қор биржасы Басқармасының (KASE немесе Биржа) 2024 жылдың 29 наурызындағы шешімімен мынадай сауалнамаларға толықтырулар бекітілді:

  • Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды ұйымдастыру мәселелері бойынша шетелдік қаржы ұйымдарының № 1 сауалнамасына № 1 толықтыру;
  • Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды ұйымдастыру мәселелері бойынша Биржа клиенттерінің № 1 сауалнамасына № 1 толықтыру;
  • Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды ұйымдастыру мәселелері бойынша шетелдік қаржы ұйымдарының № 2 сауалнамасына № 1 толықтыру;
  • Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды ұйымдастыру мәселелері бойынша Биржа клиенттерінің № 2 сауалнамасына № 1 толықтыру;
  • Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды ұйымдастыру мәселелері бойынша шетелдік қаржы ұйымдарының № 3 сауалнамасына № 2 толықтыру;
  • Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды ұйымдастыру мәселелері бойынша Биржа клиенттерінің № 3 сауалнамасына № 2 толықтыру.

Жоғарыда көрсетілген сауалнамаларға толықтырулар мыналарды көздейді:

  • клиенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ішкі саясаты мен процедураларының болуы;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің немесе осы функцияларды орындайтын жауапты тұлғаның болуы;
  • өз қызметінде парақорлық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шеңберінде халықаралық стандарттарды (ABC) қолдану;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі ішкі талаптардың сипаттамасы;
  • аталған талаптарды клиенттің еншілес ұйымдарына, филиалдары мен өкілдіктеріне тарату (олар болған жағдайда).

Сауалнамалардың жаңартылған мәтіндері KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ ("Листинг" және "Мүшелік" қалташасы).

[2024-04-01]