KZ
15 шілде 2025, 04:50
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
28.03.2024 16:07 #Сауда-саттық ақпараты

Еуропалық қайта құру және даму банкі KASE-де жазылым жүргізу арқылы XS2774403690 (EBRDe23) бесжылдық халықаралық облигацияларын маржасы 0,00 %-бен орналастырып, 9,4 млрд теңге тартты

/KASE, 28.03.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде 2024 жылдың 26 наурызында Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS2774403690 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EBRDe23; 9,4 млрд теңге; 28.03.24 – 28.03.29; құбымалы тоқсандық купон; actual/365) халықаралық облигацияларына жазылу арқылы бастапқы орналастыру жүргізілді. Төменде сұраныс параметрлері мен жазылым нәтижелері келтірілген.

Аталған облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) болды.

----------------------------------------------------------------
СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ:                                                          
-------------------------------------------------------- -------
Қатысушылар саны:                                        4      
Берілген өтінімдер саны (барлығы/белсенді),              6 / 5  
оның ішінде:                                                                  
– шектелімді:                                            6 / 5  
– нарықтық:                                              0      
Белсенді өтінімдер көлемі*, млн теңге,                   9 400,0
оның ішінде:                                                                   
– шектелімді:                                            9 400,0
– нарықтық:                                              0      
Сұранымға өтінім:                                        94,0 % 
Берілген өтінімдер бойынша маржа мөлшерлемесі, % 
(барлығы / белсенді):                                    0,0000 
----------------------------------------------------------------
* белсенді өтінімдер – өтінімдер беру кезеңі аяқталған сәтте сауда-саттыққа    
  қатысушылар жоймаған, соның ішінде Растау жүйесінің қатысушылары             
  растаған өтінімдер.                                                          

Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде банктердің үлесіне 26,6 %, брокерлік- дилерлік ұйымдардың үлесіне – 5,3 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 68,1 % тиесілі болды.

ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ:

-------------------------------------------------- ---------------
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, облигациялар: 9 400 000 000  
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, теңге:     9 400 000 000,0
Қанағаттандырылған өтінімдер саны:                 5              
Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар саны:    4              
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, жоспардан %:  94,0           
Қанағаттандырылған өтінімдердегі маржа             0,0000         
мөлшерлемесі, %:                                                  
------------------------------------------------------------------

"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректеріне сәйкес аталған облигацияларға жазылу нәтижелері бойынша мәмілелер осы ақпарат жарияланған сәтке сәйкес есептелді, жазылым аяқталды.

ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ:

------------------------------------------- ----------------------------
Сауда-саттық күні:                          26.03.24                    
Орналастырудың номиналды көлемі, теңге:     10 000 000 000              
Өтінімдерді қабылдау уақыты:                09:30–12:00                 
Лот мөлшері, дана                           1                           
Сауда-саттық мәні:                          тіркелген маржа мөлшерлемесі
Сатып алуға өтінімдер түрі:                 шектеулі және нарықтық      
Өтінімнің минималды көлемі:                 1 000 теңге                 
Мәмілелер жасалған күн мен уақыт:           26.03.24, 15:00             
Есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен уақыты 28.03.24, 09:30             
------------------------------------------------------------------------

[2024-03-28]