27 наурыздан бастап Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS2774403690 (EBRDe23) халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізілді

27.03.24 17:48
/KASE, 27.03.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2024 жылдың 27 ақпанындағы шешімімен Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS2774403690 (EBRDe23; 9,4 млрд теңге; 28.03.24 – 28.03.29; өзгермелі тоқсандық купон; actual/365) халықаралық облигацияларын KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізуге келісім берілді. Аталған облигацияларға рұқсат беруге "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) бастамашы болды. Басқарманың осы шешімі 2024 жылдың 27 наурызынан бастап күшіне енді. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/EBRDe23/ [2024-03-27]