27 наурыздан бастап Қазақстан қор биржасында JPMorgan Chase & Co. US46625H1005 (JPM_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады

26.03.24 17:24
/KASE, 26.03.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 27 наурызынан бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 05 сәуiрiне және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, JPMorgan Chase & Co. (АҚШ) US46625H1005 ("KASE Global" секторы, JPM_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 05 сәуiрiнде көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.Көрсетілген акциялармен KASE-де сауда-саттық 2024 жылдың 08 сәуiрiнен бастап қайта басталады. [2024-03-26]