27 наурыздан бастап Қазақстан қор биржасында JPMorgan Chase & Co.
US46625H1005 (JPM_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
26.03.24 17:24
/KASE, 26.03.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 27 наурызынан
бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде
жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың
05 сәуiрiне және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, JPMorgan Chase & Co.
(АҚШ) US46625H1005 ("KASE Global" секторы, JPM_KZ) жай акцияларымен KASE-де
сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2024 жылдың 05 сәуiрiнде көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың
болуына байланысты тоқтатылды.Көрсетілген акциялармен KASE-де сауда-саттық
2024 жылдың 08 сәуiрiнен бастап қайта басталады.
[2024-03-26]