Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"Kaspi Bank" АҚ S&P Global Ratings агенттігі банктің ұлттық шкала бойынша рейтингін "kzAА-" дейін көтергені туралы хабарлады, болжамы "Оң"
/KASE, 26.03.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Kaspi Bank" АҚ (Алматы) KASE-ге келесі ақпарат берді:
дәйексөздің басталуы
2024 жылдың 19 наурызында S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі келесі рейтингтік бағалауды жүзеге асырды:
- ұлттық шкала бойынша рейтинг "kzA+"-дан "kzAА-" дейін көтерілді;
- "Тұрақты" болжамы "Оң" болжамға өзгертілді;
- ұзақ мерзімді кредиттік рейтинг "BB" деңгейінде расталды;
- қысқа мерзімді кредиттік рейтинг "B" деңгейінде расталды.
дәйексөздің аяқталуы
Аталған ақпарат мына сілтеме бойынша орналастырылған – толығырақ
[2024-03-26]