Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS2586856879 (EBRDe18)
халықаралық облигациялары айналыс мерзімінің аяқталуына
байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
26.03.24 09:24
/KASE, 26.03.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 26 наурызынан
бастап Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS2586856879 ("халықаралық
қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EBRDe18; 48,5 млрд теңге,
23.02.23 – 26.03.24; өзгермелі тоқсандық купон, TONIA Compounded + 0,90 %;
actual/365) халықаралық облигациялары айналыс мерзімінің аяқталуына
байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғаны туралы хабарлайды.
Аталған облигациялар KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының
бағалы қағаздары" секторына 2023 жылдың 22 ақпанынан бастап енгізілді.
Олармен сауда-саттық 2023 жылдың 24 ақпанынан бастап ашылды.
[2024-03-26]