20 наурыздан бастап "FIVE BROKERS' CAPITAL" АҚ KZ2C00011021 (FIVEb5) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылады

19.03.24 14:36
/KASE, 19.03.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2024 жылдың 20 наурызынан бастап "FIVE BROKERS' CAPITAL" АҚ (Алматы) KZ2C00011021 облигациялары (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, FIVEb5; 100 теңге, 200,0 млн теңге; 11.03.24 – 11.03.25; тоқсандық купон, жылдық 25,00%; 30/360) "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылады. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. [2024-03-19]