/KASE, 19.03.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
26 наурызында KASE сауда-саттық жүйесінде Еуропалық қайта құру
және даму банкінің XS2774403690 (EBRDe23) облигацияларын төмендегі
шарттарда (Астана қ.уақыты) жазылу арқылы бастапқы орналастыру
жүргізілетінін хабарлайды.
Көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Tengri Partners
Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) (бұдан әрі – Сатушы) әрекет
етеді.
--------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі: международные облигации
ISIN: XS2774403690
KASE сауда-саттық коды: EBRDe23
------------------------------------ -------------------------------
Жазылым өткізу күні: 26.03.24
Орналастырудың номиналды көлемі, 10 000 000 000
теңге:
Өтінімдерді қабылдау уақыты: 09:30–12:00
Лот мөлшері, дана.: 1
Сауда-саттық заты: тиянақталған маржа мөлшерлемесі
Сатып алуға өтінім түрі: шектелімді және нарықтық
Өтінімнің минималды көлемі: 1 000 теңге
Мәмілелер жасалған күн мен уақыт: 26.03.24, 15:00
Есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен 28.03.24, 09:30
уақыты:
--------------------------------------------------------------------
Баға ретінде өтінімде белгіленген маржа мөлшерлемесінің мәні екінші ондық
таңбаға дейінгі дәлдікпен пайызбен көрсетілуі тиіс.
Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде теңгемен номиналды көлемі
көрсетілуі тиіс.
Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды
сатушыға ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат тізбесіне жеке
тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы
кіреді.
Жазылымға қатысу үшін өтінімдер тек "қор" санатындағы KASE мүшелері
арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық тізімі мына
сілтеме бойынша жарияланған
http://kase.kz/ru/membership
Есеп айырысуларды "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге
асырады.
Бағалы қағаздарға жазылу ережелері мына сілтеме бойынша жарияланған
http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf
[2024-03-19]