KZ
31 наурыз 2025, 20:40
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
15.03.2024 10:11 #Корпоративтік уақиғалар

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы " АҚ 2023 жылдағы қаржылық нәтижелерін хабарлады

/KASE, 15.03.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы " АҚ (Астана) KASE-ге ұсынған 2024 жылдың 14 наурызындағы баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады:

дәйексөздің басы

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "ҚМГ", "Компания"), Қазақстанның ұлттық мұнай-газ компаниясы, тәуелсіз аудитордың есебімен қоса, 2023 жылдың қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарына (ҚЕХС) сәйкес дайындалған шоғырландырылған қаржы есептілігін жариялады.

2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылдың басты қаржы көрсеткіштері:

  • Түсім 8 693 млрд теңгемен (18 860 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 8 320 млрд теңгені (18 236 млн АҚШ доллары) құрады;
  • EBITDA көрсеткіші 2 536 млрд теңгемен (5 502 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 1 995 млрд теңгені (4 372 млн АҚШ доллары) құрады;
  • Бірлесіп бақылауға алынатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялар пайдасындағы үлесті үлесті ескергенде, Компанияның таза пайдасы 1 307 млрд теңгемен (2 835 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 924 млрд теңгені (2 026 млн АҚШ долларын) құрады;
  • Бірлесіп бақылауға алынатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялар пайдасындағы үлесіне түзетілген таза пайда2 778 млрд теңгемен (1 687 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 1 010 млрд теңгеге (2 214 млн АҚШ долларын) жетті;
  • Бос ақша ағымы 1 116 млрд теңгемен (2 421 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 984 млрд теңгені (2 157 млн АҚШ долларын) құрады;
  • 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жалпы қарыз 2022 жылғы 31 желтоқсандағы 4 154 млрд теңге (8 980 млн АҚШ доллары) мөлшеріндегі көрсеткішпен салыстырғанда 3 757 млрд теңгеге (8 265 млн АҚШ доллары) жетті;
  • Компанияның 2023 жылғы 31 желтоқсандағы таза қарызы 2022 жылғы 31 желтоқсандағы 2 154 млрд теңге (4 655 млн АҚШ доллары) деңгейіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 1 645 млрд теңгені (3 620 млн АҚШ доллары) құрады.

* Сомалар ыңғайлы болу үшін тиісті кезеңдегі орташа айырбастау бағамы бойынша АҚШ долларымен көрсетілген (2023 және 2022 жылдардағы орташа бағам бір АҚШ долларына шаққанда 456,21 және тиісінше 460,93 теңгені құрайды; 2023 жылғы 31 желтоқсанда және 2022 жылғы 31 желтоқсанда – кезең соңындағы бағам АҚШ долларына шаққанда 454,56 және тиісінше 462,65 теңгені құрйды).

** Бірлесіп бақылауға алынатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялар пайдасындағы үлесне түзетілген таза пайда = Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан ұйымдардан алынған дивидендті қосқанда, бірлесіп бақылауға алнатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялар пайдасындағы үлесін шегергендегі таза пайда.

дәйексөздің соңы

Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы жарияланды:

[2024-03-15]