KZ
16 шілде 2025, 05:54
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
14.03.2024 09:20 #Корпоративтік уақиғалар

KASE 2024 жылдың ақпан айындағы биржалық нарықтың жұмысын қорытындылады

/KASE, 14.03.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылғы ақпандағы қызметтің негізгі қорытындылары туралы хабарлайды.

  • KASE-дегі сауда-саттықтың жиынтық көлемі 2024 жылғы ақпанда 30,9 трлн теңгені құрады және қаңтарға қатысты 14,1 %-ға немесе 5,1 трлн теңгеге төмендеді.
  • Ақпан айының қорытындысы бойынша KASE Индексінің мәні 12,8 %-ға өсіп, 4 803,18 тармақты құрады.
  • Ақпан айының қорытындысы бойынша акциялар нарығын капиталдандыру 6,7 %-ға 28,3 трлн теңгеге дейін, саудаланатын корпоративтік борыш көлемі 0,9 %-ға 13,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
  • Ақпан айында үш жаңа эмитенттің корпоративтік облигациялары листинг процедурасынан өтті.
  • 2024 жылдың 01 наурызындағы жағдай бойынша KASE сауда-саттық тізімдерінде 245 эмитенттің мемлекеттік емес бағалы қағаздарының 674 атауы болды.

Бағалы қағаздар, шетел валюталары, ақша, репо және валюталық своп операциялары нарықтарының көрсеткіштерін, сондай-ақ негізгі жобалар мен іс-шараларға шолуды қамтитын толық ақпарат KASE интернет-ресурсында жарияланған KASE баспасөз мәлімдемесінде ұсынылған:

[2024-03-14]