KZ
6 шілде 2025, 01:44
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
13.03.2024 11:42 #Сауда-саттық ақпараты

/ӨЗГЕРТІЛДІ/ Бүгін Қазақстан қор биржасында "Лизинг Групп" АҚ-ның 200 KZ2C00010718 (LZGRb6) облигациясын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтеді

/KASE, 13.03.24, Сауда-саттықты өткізу бастамашысының бастамасы бойынша өтінімдерді қабылдаудың аяқталу уақыты, кесімду және төлеу уақыты өзгертілді/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "Лизинг Групп" АҚ (Алматы) KZ2C00010718 (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, LZGRb6) облигацияларын төменде келтірілген шарттарда (Астана қ. уақыты) орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі.

--------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі:                   купондық облигациялар          
ISIN:                                      KZ2C00010718                   
KASE сауда-саттық коды:                    LZGRb6                         
Номиналды құны, теңге:                     1 000,00                       
Шығарылым көлемі, теңге:                                                  
– тіркелген:                               5 000 000                      
– орналастырылған (номиналы бойынша):      2 281 000                      
Айналыстың басталу күні:                   25.12.23                       
Айналыста болудың соңғы күні:              24.09.24                       
Өтеудің басталу күні:                      25.09.24                       
Айналыс мерзімі:                           270 күн                        
Купонды төлеу мерзімділігі:                айналым мерзімінң соңында 1 рет
Купондарды төлеудің басталу күндері:       25.09.24                       
Уақыттық базасы:                           30/360                         
------------------------------------------ -------------------------------
Сауда-саттық күні:                         13.03.24                       
Өтеуге дейін мерзімі:                      192 күн                        
Орналастырудың жарияланған көлемі, теңге:  200 000                        
Лот мөлшері, дана:                         1                              
Сауда-саттық мәні:                         "таза" баға                    
Сатып алуға өтінім түрі:                   шектелімді                     
Өтінім беру тәсілі:                        жабық                          
Өтінімдерді қабылдау уақыты:               10:00–12:00                    
Өтінімдерді растау уақыты:                 10:00–12:00                    
Кесім уақыты:                              13:00 (Т+0)                    
Төлеу күні және уақыты:                    13.03.24, 13:00                
Өтінімдерді кесу әдісі:                    бағалары кесімдеу бағасына тең 
                                           немесе одан жоғарыөтінімдер    
                                           кесімделеді                    
Өтінімдердің бағасына байланысты           бірыңғай кесімдеу бағасына тең 
шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру      немесе сатушы үшін ұтымдырақ   
тәсілі:                                    болатын, шектелімді қарсылама  
                                           өтінімдердің бағасы бойынша    
Шектелімді өтінімдерді оларды беру         қарсылама өтінімдерді қабылдау 
кезектілігіне қарай қанағаттандыру тәсілі: уақыты бойынша                 
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы:      "Tengri Partners Investment    
                                           Banking (Kazakhstan)" АҚ       
--------------------------------------------------------------------------

Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнының пайызымен үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген облигациялардың "таза" бағасы (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) көрсетілуі тиіс.

Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде дана облигациялардың саны көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе еселенген болуы тиіс.

Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған сыйақыны ескере отырып) туындысы көрсетілуі тиіс.

Мәміле көлемі Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелер сомаларын есептеу әдістемесінің 4-тарауына сәйкес есептеледі толығырақ

Есептеулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ оның қағидалар жинағына сәйкес жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып алушы "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ шотында өзі сатып алған бағалы қағаздарға ақы төлеуге ақшаның кестеде көрсетілген төлем уақытына болуын қамтамасыз етуге міндетті.

Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің тізімі мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

Сауда-клирингтік жүйелерде сауда-саттықты өткізу әдістері туралы ереже мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2024-03-13]