Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
06 наурыздан бастап "FIVE BROKERS' CAPITAL" АҚ KZ2C00011021 (FIVEb5) облигациялары баламалы алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді
/KASE, 06.03.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2024 жылдың 05 наурызында "FIVE BROKERS' CAPITAL" АҚ (Алматы) KZ2C00011021 (FIVEb5; 100 теңге, 200,0 млн теңге; 360 күн; тоқсандық купон, жылдық 25,00%; 30/360) облигацияларын баламалы алаңын "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Басқарманың бұл шешімі 2024 жылдың 06 наурызынан бастап күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2024-03-06]