05 наурыздан бастап Қазақстан қор биржасында Verizon Communications Inc. US92343V1044 (VZ_KZ) жай акцияларымен сауда- саттық тоқтатылады

05.03.24 09:45
/KASE, 05.03.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 05 наурызынан бастап бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 10 сәуiрiне және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Verizon Communications Inc. (АҚШ) US92343V1044 ("KASE Global" секторы, VZ_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 10 сәуiрiнде көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 12 сәуiрiнен бастап қайта басталады. [2024-03-05]