05 наурыздан бастап KASE Халықаралық қайта құру және даму банкінің үш шығарылымының халықаралық облигацияларымен сауда саттық ашылады
/KASE, 04.03.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 05 наурызынан бастап Халықаралық қайта құру және даму банкінің келесі халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды:
1) US459056HV23 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы; IBRDe1; $3,5 млрд; 28.08.19 – 28.08.24; жарты жылдық купон, жылдық 1,50 %; 30/360);
2) US459058KW25 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы; IBRDe2; $3,5 млрд; 26.09.23 – 01.08.28; жарты жылдық купон, жылдық 4,625 %; 30/360);
3) US459058KL69 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы; IBRDe3; $3,0 млрд; 23.09.22 – 21.09.29; жарты жылдық купон, жылдық 3,625 %; 30/360).
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2024-03-04]