"ОнлайнКазФинанс МҚҰ" АҚ KZ2C00009421 (MFOKb8) облигациялары айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

04.03.24 09:36
/KASE, 04.03.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 04 наурызынан бастап "ОнлайнКазФинанс МҚҰ" АҚ (Алматы) KZ2C00009421 облигациялары (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFOKb8; $100, $20,0 млн; 03.03.23 – 03.03.24; тоқсандық купон, жылдық 10,00%; 30/360) айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды. Аталған облигациялар баламалы алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне 2023 жылдың 23 ақпанынан бастап енгізілді, 2023 жылдың 05 шілдесінен бастап KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "коммерциялық облигациялар" санатында болды. Олармен сауда-саттық 2023 жылдың 03 наурызынан бастап ашылды. [2024-03-04]