/KASE, 28.02.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 28 ақпанынан
бастап KASE сауда-саттық жүйесі мен деректер базасында "Алтын Сапа ALM" ЖШС
(Алматы) KZ2P00009962 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, ALSPb1;
1 000 теңге, 6,0 млрд теңге; 05.09.23 – 05.09.25; жылдық купон, жылдық
25,00%; 30/360) облигациялары бойынша келесі ақпараттың өзгергенін
хабарлайды:
- купондарды төлеу кезеңділігі жылына бір реттен жылына екі ретке
өзгерді;
- облигациялардың айналым мерзімі екі жылдан үш жылға өзгерді.
28 ақпаннан бастап KASE-де аталған облигациялармен сауда-саттық қайта
басталды, сауда-саттық 2024 жылдың 01 ақпанынан бері тоқтатылған
болатын.
Өзгертулер енгізілген облигациялар шығарылымының проспектісі –
https://kase.kz/files/emitters/ALSP/alspf9_ALSPb1_izm_260224.pdf
орналастырылған.
Осыған дейін осы тақырып бойынша KASE-нің 2024 жылдың 22 қаңтарындағы
"01 ақпаннан бастап KASE-де "Алтын Сапа АLМ" ЖШС-нің KZ2P00009962
(ALSPb1) облигацияларымен сауда-саттық тоқтатылады" атты жаңалығы
жарияланған болатын –
https://kase.kz/kz/news/show/1514609/
[2024-02-28]