KASE Басқармасы Еуропалық қайта құру және даму банкінің
шығарылымы жоспарланған XS2774403690 (EBRDe23) халықаралық
облигацияларын KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы
ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізуге келісім берді
28.02.24 10:02
/KASE, 28.02.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2024 жылдың
27 ақпанындағы шешімімен Еуропалық қайта құру және даму банкінің шығарылымы
жоспарланып отырған XS2774403690 халықаралық облигацияларын KASE ресми
тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына
енгізуге келісім берілді.
Аталған облигацияларға рұқсат беру бастамашысы "Tengri Partners
Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) болып табылады.
KASE Басқармасының осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланады.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны жөнінде
қосымша хабарланатын болады.
Облигацияларға EBRDe23 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат KASE
Басқармасының осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-
ресурсында жарияланады.
[2024-02-28]