KZ
8 шілде 2025, 11:57
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
27.02.2024 17:31 #Корпоративтік уақиғалар

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ 2023 жылғы өндірістік нәтижелерін хабарлайды

/KASE, 27.02.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы " АҚ (Астана) KASE-ге ұсынған 2024 жылдың 27 ақпанындағы баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады:

дәйексөздің басы

Қазақстанның ұлттық мұнай-газ компаниясы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ», «Компания») 2023 жылдың өндірістік нәтижелерін жариялап отыр.

...

2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылғы басты өндірістік көрсеткіштер:

  • ҚМГ көмірсутектерінің дәлелденген және ықтимал қоры (2P) 3,7%-ға артып, 733 млн тонна м.э. құрады;
  • Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 6,9%-ға өсіп, 23 532 мың тоннаға жетті;
  • Мұнай тасымалдау көлемі 7,6%-ға артып, 80 359 мың тоннаға жетті;
  • Қазақстандық және румындық мұнай өңдеу зауыттарында көмірсутек шикізатын (КСШ) өңдеу көлемі 19 900 мың тоннамен салыстырғанда 19 593 мың тонна болды

дәйексөздің соңы

Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды:

[2024-02-27]