KZ
3 шілде 2025, 13:53
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
22.02.2024 18:14 #Қаржы құралдары

22 ақпаннан бастап Халықаралық қайта құру және даму банкінің халықаралық облигацияларының үш шығарылымы KASE ресми тізімінің "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізілді

/KASE, 22.02.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2024 жылдың 22 ақпанынан бастап KASE ресми тізімінің "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына Халықаралық қайта құру және даму банкінің мынадай халықаралық облигациялары енгізілді:

1) US459056HV23 ($3,5 млрд; 28.08.19 – 28.08.24; жарты жылдық купон, жылдық 1,50 %; 30/360), сауда-саттық коды– IBRDe1;

2) US459058KW25 ($3,5 млрд; 26.09.23 – 01.08.28; жарты жылдық купон, жылдық 4,625 %; 30/360), сауда-саттық коды– IBRDe2;

3) US459058KL69 ($3,0 млрд; 23.09.22 – 21.09.29, жарты жылдық купон, жылдық 3,625 %; 30/360), сауда-саттық коды– IBRDe3.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланады толығырақ

[2024-02-22]