22 ақпаннан бастап KASE-де Airbus NL0000235190 (AIR_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады

21.02.24 16:42
/KASE, 21.02.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 22 ақпанынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 17 сәуіріне және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Airbus (Нидерланд) NL0000235190 ("KASE Global" секторы, AIR_KZ) жай акцияларымен бойынша сауда-саттықты тоқтататынын хабарлайды. Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 17 сәуірінде көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. Көрсетілген акциялармен KASE-де сауда-саттық 2024 жылдың 19 сәуірінен бастап қайта басталады. [2024-02-21]