22 ақпаннан бастап KASE-де Airbus NL0000235190 (AIR_KZ) жай
акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
21.02.24 16:42
/KASE, 21.02.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 22 ақпанынан
бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде
жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың
17 сәуіріне және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Airbus (Нидерланд)
NL0000235190 ("KASE Global" секторы, AIR_KZ) жай акцияларымен бойынша
сауда-саттықты тоқтататынын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2024 жылдың 17 сәуірінде көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
Көрсетілген акциялармен KASE-де сауда-саттық 2024 жылдың 19 сәуірінен
бастап қайта басталады.
[2024-02-21]