23 ақпаннан бастап бес атаудағы облигациялар Т+ Тізіміне енгізіледі
/KACC, 21.02.24/ – KASE Клиринг орталығы (KACC) Басқармасының шешімімен 2024 жылдың 23 ақпанынан бастап жарылай қамтамасыз ету шарттарында орталық контрагентпен жасалатын мәмілелерге жіберілген қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне (Т+ Тізімі) мынадай облигациялар енгізілетін болады:
1) Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS2733527670 халықаралық облигациялары ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EBRDe21);
2) Еуразиялық даму банкінің KZ2D00010766 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb43) облигациялары;
3) Еуразиялық даму банкінің KZX000001433 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRe5) халықаралық облигациялары;
4) "Қазақстандық орнықтылық қоры" АҚ KZ2C00010494 облигациялары (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, KFUSb60);
5) "Қазақстандық орнықтылық қоры" АҚ KZ2C00010528 облигациялары (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, KFUSb63).
Қаржы құралдарын Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізу тәртібі мына сілтеме бойынша KACC интернет-ресурсында жарияланған толығырақ
[2024-02-21]