KASE Листингілік комиссиясы "ФРИДОМ ФИНАНС Кредит" Микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00010978 (MFFKpp1) облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңына KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады

21.02.24 15:14
/KASE, 21.02.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 21 ақпанында "ФРИДОМ ФИНАНС Кредит" Микроқаржы ұйымы" ЖШС (Алматы) KZ2P00010978 (1 000 теңге; 5,0 млрд теңге; 5 жыл; жылдық купон, жылдық 0,001%; 30/360) облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңына KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларға MFFKpp1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2024-02-21]