22 ақпаннан бастап АҚШ Қаржы министрлігінің халықаралық облигацияларының алты шығарылымы KASE ресми тізімінің "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізіледі
/KASE, 21.02.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2024 жылдың 22 ақпанынан бастап KASE ресми тізімінің "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына АҚШ Қаржы министрлігінің мынадай дисконттық халықаралық облигациялары енгізіледі:
1) US912797FS14 (US109_2406; $109 644,0 млн; 15.06.23 – 13.06.24; actual/360);
2) US912797GB79 (US110_2407; $112 719,0 млн; 13.07.23 – 11.07.24; actual/360);
3) US912797GK78 (US111_2408; $119 400,0 млн; 10.08.23 – 08.08.24; actual/360);
4) US912797GL51 (US112_2409; $43 129,0 млн; 07.09.23 – 05.09.24; actual/360);
5) US912797HQ30 (US113_2405; $158 984,0 млн; 09.11.23 – 09.05.24; actual/360);
6) US912797JW89 (US114_2405; $56 284,0 млн; 16.01.24 – 14.05.24; actual/360).
Аталған облигациялардың рұқсаттама бастамашысы "Halyk Finance "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы" АҚ (Алматы) болып табылады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланады толығырақ
[2024-02-21]