Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Fitch Ratings агенттігі қоғамның және оның облигацияларының рейтингтік бағалауларының төмендегені туралы хабарлады, болжам "Тұрақты"
/KASE, 21.02.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ (Астана), KASE-ге былай деп хабарлады:
дәйексөздің басы
08.02.2024 жылы "Fitch Ratings" халықаралық рейтингтік агенттігі "QazaqGaz" АҚ және еншілес компаниялардың эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингтерін ("ЭДР") "ВВ+" деңгейіне дейін төмендетті, болжам "Тұрақты".
"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ қатысты рейтинг әрекеттері:
- Ұзақ мерзімді ЭДР шетел валютасында "ВВВ-" деңгейінен ""Тұрақты" болжаммен ВВ+" деңгейіне дейін төмендетілді;
- Ұзақ мерзімді ЭДР ұлттық валютасында "ВВВ-" деңгейінен ""Тұрақты" болжаммен ВВ+" деңгейіне дейін төмендетілді;
- Қысқа мерзімді ЭДР деңгейі "F3" деңгейінен "В" деңгейіне дейін төмендетілді;
- Ұлттық ұзақ мерзімді рейтинг "AA+(kaz)" деңгейінен "Тұрақты" болжам "AA-(kaz)" деңгейіне дейін төмендетілді;
- Ұзақ мерзімді басым қамтамасыз етілмеген рейтинг "ВВВ-" деңгейінен "ВВ+" деңгейіне дейін төмендетілді, сондай-ақ "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Еурооблигацияларына қатысты ҰСН/ISIN XS1273497385 рейтинг "ВВ+" деңгейіне дейін төмендетілді;
- Ұлттық ұзақ мерзімді басымдықты қамтамасыз етілмеген рейтинг " AA+(kaz)" деңгейінен "AA-(kaz)" деңгейіне дейін төмендетілді.
дәйексөздің соңы
Осы ақпарат орыс және қазақ тілдерінде орналастырылды – толығырақ
[2024-02-21]