/KASE, 20.02.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
21 ақпанынан бастап Еуразиялық даму банкінің KZ2D00010881
("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb47;
1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 20.02.24-18.02.25; actual/365) дисконттық
облигацияларымен KASE-де сауда-саттықтары ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы –
қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/bonds/show/EABRb47/
[2024-02-20]