20 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында The Coca-Cola Company US1912161007 (KO_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды

19.02.24 18:02
/KASE, 19.02.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 20 ақпанынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 15 наурызына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, The Coca-Cola Company (АҚШ) US1912161007 ("KASE Global" секторы, (KO_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 15 наурызында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 18 наурызынан бастап қайта басталады. [2024-02-19]