15 ақпан күні Қазақстан қор биржасында "Эйр Астана" АҚ KZ1C00004050 (AIRA) жай акцияларымен сауда-саттық көлемі 2,2 млрд теңгені құрады

15.02.24 18:30
/KASE, 15.02.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) қайталама нарық секторында өткізілген IPO-дан кейін "Эйр Астана" АҚ (Алматы) KZ1C00004050 (KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты, AIRA) жай акцияларымен сауда-саттық ашылды. 15 ақпанда KASE-де жиынтық көлемі 2 211,0 млн теңгеге (4,9 млн АҚШ доллары) 1 830 984 KZ1C00004050 акциясымен барлығы 4 046 сауда-саттық мәмілелері жасалды 2024 жылдың 15 ақпанындағы сауда-саттық күнінің нәтижелері бойынша көрсетілген акциялар бойынша соңғы мәміленің бағасы бір акция үшін 1 200,00 теңгені құрады және оларды орналастыру бағасына қатысты (1 073,83 теңге) 126,17 теңгеге (11,7 %), пре-маркет шеңберіндегі соңғы мәміленің бағасына қатысты – 30,00 теңгеге (2,6 %) ұлғайды. Ағымдағы күн ішінде баға бір акция үшін 1 150,00–1 250,99 теңге диапазонында өзгерді. KASE аталған акциялардың KASE-де қазақстандық теңгемен, барлық қолжетімді тәртіптемелерде саудаланатынын, олар бойынша маркет- мейкердің міндеттерін "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ орындайтынын еске салады. [2024-02-15]