IPO шеңберінде Қазақстан қор биржасында "Эйр Астана" АҚ KZ1C00004050 (AIRA) жай акцияларының жария ұсынысының нәтижелері

14.02.24 18:30
/KASE, 14.02.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, 2024 жылдың 29 қаңтары мен 08 ақпаны аралығында Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "Эйр Астана" АҚ (Алматы) KZ1C00004050 (KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты, AIRA) жай акцияларының жария ұсынысы өткізілді. Жергілікті үйлестіруші және бірлескен букраннер - "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ. Жетекші менеджер – Freedom Finance Global PLC. Бірлескен менеджерлер - "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ, "First Heartland Jusan Invest" АҚ, "SkyBridge Invest"АҚ. KASE және "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ тарапынан өтінімдерді қабылдау және тізілімді тексеру кезеңі аяқталғаннан кейін, сондай-ақ KASE мүшелерімен салыстырып тексеру кезінде жиынтық көлемі 120,6 млрд теңге (баламасы 266,8 млн АҚШ доллары) болатын 36 899 өтінім белсенді деп танылды. Бұл ретте жеке тұлғалардан келіп түскен белсенді өтінімдер саны 46,4 млрд теңге сомасына 36 832 өтінімді (қабылданған өтінімдер көлемінің 38,5 %) құрады, олар ұстаушылардың 1 999 қосалқы шотынан және омнибус шоты арқылы есепке алынатын 27 431 дербес шоттан берілді. Институционалдық инвесторлар тарапынан сұраныс 50,8 млрд теңгені (қабылданған өтінімдер көлемінің 42,1 %), Екінші деңгейдегі банктер – 15,2 млрд теңгені (қабылданған өтінімдер көлемінің 12,6 %), брокерлік- дилерлік ұйымдар – 4,7 млрд теңгені (қабылданған өтінімдер көлемінің 3,8 %) және өзге де заңды тұлғаларды – 3,6 млрд теңгені (3,0 %) құрады қабылданған өтінімдер көлемінің%). KASE-дегі сұраныс жергілікті нарықта ұсынылған жай акциялар көлемінің 186 % құрады. Орналастыруға KASE қор нарығының барлығы 19 мүшесі қатысты. KASE-дегі жария ұсыныс нәтижелері бойынша эмитент бір акция үшін 1 073,83 теңге бағамен 45 855 827 акцияны сатып алуға 36 283 өтінімді қанағаттандырды. KASE-де қанағаттандырылған өтінімдердің жиынтық көлемі 49,2 млрд теңгені (108,9 млн АҚШ долларына баламасы) немесе жергілікті нарықта ұсынылған жай акциялар көлемінің 76 % құрады. Жеке тұлғалардың шоттарына орналастыру нәтижелері бойынша 24,3 млрд теңге (KASE-де орналастыру көлемінің 49,4 %) сомасына қағаздар түсті, институционалдық инвесторлар берген қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 24,9 млрд теңгені (орналастыру көлемінің 50,6 %) құрады. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ деректеріне сәйкес аталған акцияларды KASE-де жария ұсыну нәтижелері бойынша барлық мәмілелер бойынша осы ақпарат жарияланған кезде есеп айырысу жүргізілді. [2024-02-14]