15 ақпанда KASE - де "Эйр Астана" АҚ KZ1C00004050 (AIRA) жай акцияларымен сауда-саттықтың ашылу салтанаты өтеді

14.02.24 10:04
/KASE, 14.02.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 15 ақпанында "Эйр Астана" АҚ (Алматы) KZ1C00004050 (KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты, AIRA) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттықтың ашылу салтанаты өтетінін хабарлайды. Үздіксіз қарсылама аукцион әдісімен акциялармен KASE-дегі сауда-саттық жұмыс күндері Астана қ. уақытымен 11:30-дан 17:30-ға дейін (AST), тікелей мәмілелер жасау әдісімен – AST 10:30-дан 17:30-ға дейін өткізіледі. Осы бағалы қағаздар бойынша ОК-пен және ОК-сыз автоматты және "тікелей" репо операциялары осы тәртіптемелер үшін қолданылатын барлық мерзімге қол жетімді болады. Осы сауда-саттық бойынша клиринг пен есеп айырысу қор нарығы үшін қабылданған стандартты регламентке сәйкес жүргізілетін болады. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген акцияларға баға белгілеудің дәлдігі қазақстандық теңгемен көрсетілген акция бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген. KASE Басқармасының шешімімен 2024 жылдың 15 ақпанынан бастап "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) оның өтініші негізінде көрсетілген акциялар бойынша KASE-де маркет-мейкер мәртебесі берілді. Бұдан бұрын хабарланғандай, 2024 жылдың 09 ақпанында "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ-ның өтініші бойынша KASE сауда-саттық жүйесінде пре-маркет шеңберінде аталған акциялармен сауда-саттық ашылды. Көрсетілген акциялармен мәмілелер бойынша есеп айырысулар мынадай тәртіппен жүзеге асырылатын болады: - IPO шеңберінде жасалған мәмілелер бойынша – 14 ақпанда бірінші клирингілік сессия басталғанға дейін; - бірінші клирингтік сессияның регламентіне сәйкес 09-13 ақпан аралығын қоса алғанда, пре-маркет шеңберінде жасалған мәмілелер бойынша – 14 ақпанда; - 14 ақпанда жасалған мәмілелер бойынша – Т+2 ьтәртіптемесінде саудаланатын қаржы құралдары үшін, сондай-ақ тікелей мәмілелер жасасу әдісімен бағалы қағаздарды сатып алу-сату тәртіптемесінде саудаланатын қаржы құралдары үшін есеп айырысуды жүзеге асырудың стандартты регламентіне сәйкес; - 14 ақпанда жасалған және репо операцияларына жататын мәмілелер бойынша – осы операциялар үшін белгіленген стандартты регламентке сәйкес. Аталған акциялар 2024 жылдың 09 ақпанынан бастап ішінара қамтамасыз ету шарттарында орталық контрагентпен жасалатын мәмілелерге жіберілген қаржы құралдарының тізіміне (Т+ Тізімі) және ішінара қамтамасыз ету мәмілелері бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде ескерілетін қаржы құралдарының тізіміне (Т+ Қамтамасыз ету тізімі) енгізілгенін еске саламыз. [2024-02-14]