Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
2024 жылдың қаңтар айында Қазақстан қор биржасындағы акциялармен сауда-саттық көлемі 13,8 млрд теңгені құрады
/KASE, 13.02.24/ – 2024 жылдың қаңтар айында Қазақстан қор биржасында (KASE) акциялармен сауда-саттық көлемі 13,8 млрд теңгені құрады және 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 27,3 %-ға төмендеген.
2023 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда сауда-саттық көлемі 31,8 %-ға төмендеді.
Төмендегі кестеде 2024 жылы биржалық нарықтың көрсетілген секторындағы сауда-саттық көлемі (млрд теңге), сондай-ақ 2022 жылдағы салыстырмалы деректер (қайталама нарық секторында акцияларды орналастыру бойынша мәмілелер жасасуға болады) келтіріледі.
------------------ ----------- ---------- Жыл, Бастапқы Қайталама ай нарық нарық* Барлығы* -------- --------- - --------- - -------- 2024, I 0,0 13,8 13,8 -------- --------- - --------- - -------- Барлығы 0,0 13,8 13,8 -------- --------- - --------- - -------- 2023, I 0,1 18,9 19,0 тренд, % -100,0 -26,8 -27,3 ------------------ ----------- ---------- * репо операциялары нарығындағы мәмілелерді есепке қоспағанда.
[2024-02-13]