KZ
6 шілде 2025, 06:38
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
13.02.2024 15:12 #Сауда-саттық ақпараты

13 ақпан күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 15 ақпанда болатын МЕУКАМ-132 жетінші шығарылымын (KZKD00001152, MUM132_0007) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті

/KASE, 13.02.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2024 жылдың 15 ақпанында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-132 жетінші шығарылымының (KZKD00001152, MUM132_0007) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналдан 92,1896 % (кірістілік – жылдық 12,15 %) белгіленген кесімдеу бағасы бойынша номиналды құны бойынша жалпы сомасы 19 352 985 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырды.

Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда- саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады.

Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады.

KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 15 ақпанда болатын МЕУКАМ-132 жетінші шығарылымын (KZKD00001152, MUM132_0007) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2024-02-13]