"аФинанс Микроқаржы ұйымы" ЖШС өзінің KZ2P00007941 (MFAFb2)
облигацияларының өтелгені туралы хабарлады
12.02.24 16:42
/KASE, 12.02.24/ – "аФинанс Микроқаржы ұйымы" ЖШС (Алматы) Қазақстан
қор биржасына (KASE) 2024 жылдың 09 ақпанында өзінің KZ2P00007941
(MFAFb2) облигацияларын өтеу туралы хабарлады, өтеу шеңберінде
көрсетілген облигациялар бойынша соңғы – сегізінші купондық сыйақы
төленді.
Аталған хабарламаға сәйкес аталған облигациялар бойынша төлемдердің
жалпы сомасы 2 508 892,5 АҚШ доллар құрады, оның ішінде негізгі борыш
(облигациялардың жиынтық номиналды құны) – 2 447 700 АҚШ доллар,
сегізінші купондық сыйақы – 61 192,5 АҚШ доллар.
[2024-02-12]