12 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында NIKE, Inc. US6541061031 (NKE_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды

09.02.24 18:10
/KASE, 09.02.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 12 ақпанынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 04 наурызына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, NIKE, Inc. (АҚШ) US6541061031 ("KASE Global" секторы, NKE_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 04 наурызында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 06 наурызынан бастап қайта басталады. [2024-02-09]